Қазақстанда компаниялар жұмысшыларына 1,7 млрд теңге қарыз. Қызметкерлерге айлығын төлемеген кәсіпорындардың 75 пайызы банкротқа ұшырап кеткен. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Ең көп берешек бұрын министрдің өзі басқарған Ақтөбе облысында. 83 млн теңге. Жамбыл, Қарағанды өңірлерінде де жалақысын ала алмай жүргендер жетерлік. Енді кәсіпорындарға тиесілі ақшаны жұмысшыларға мәжбүрлеп бергізу үшін Мәжіліс заң жобасын қарап жатыр. Соңғы екі жылда еңбек шартын жасаспай жұмыс істейтіндер де көбейіп кетіпті.
Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
Енді олармен жергілікті жердегі прокуратура, право қорғау органдары жұмыс жасау керек. Олардың өздерінің мүліктері бар. Сол мүліктерді тезірек сатып, түскен ақшаны жалақыға беру керек.
А. Сейфулла