Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы И. Әбішев пара алған деген күдікке ілікті

AstanaTV
19.03.2019ж. 20:00
3962
Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы И. Әбішев пара алған деген күдікке ілікті

Қолына кісен тағылған Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев пара алған деген күдікке ілікті. Бұл туралы Ұлттық бюро өкілдері хабарлады. Әбішевпен қатар «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясы» халықаралық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті оның сыбайласы деп танылып отыр. Әбішевтің өзі осы федерацияны басқарған еді. Ол кісіге қатысты да тергеу басталған. Олар 6 млрд теңгедей қаржыны мемлекеттік сатып алу шартын жасасу үшін мердігер ұйымның өкілінен қорқытып алу жолымен пара алды деген күдікке ілініп отыр.  

Жанна БАСТАРОВА, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:  

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Төрағасы және оның сыбайласы «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясы» халықаралық қоғамдық бірлестігінің вице-президентіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл ретте, комитет төрағасы аталған федерацияның президенті болып табылады. А.ж. 16 наурызда күдіктілерге қатысты «күзетпеу ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.  

Айта кету керек, 4 жыл ішінде Су ресурстары комитеті және «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты 38 қылмыстық іс сотқа жолданған. Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал сомасы 1 млрд теңгені құрап отыр.  

Н. Біләл