Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елімізде көпбалалы аналарды қабылдайтын ХҚКО орталығы ашылады

AstanaTV
19.03.2019ж. 20:00
3200
Елімізде көпбалалы аналарды қабылдайтын ХҚКО орталығы ашылады

Қазақстанда тек көпбалалы отбасылардың мәселесі бойынша қабылдайтын орталық ашылады. Ол халыққа қызмет көрсету орталығына ұқсас бір терезе қағидасымен жұмыс жасамақ. Бүгін Алматыда «Ару ана» атты әйелдер құрылтайында осындай шешім қабылданды. Әйелдер құқығы, зорлық-зомбылықтан құтқару сияқты мәселелермен айналысатын бірнеше бірлестік бір ұйымға бірігіп әрекет етеді. Олар мәселемен айналысуды әлеуметтік зерттеу жүргізуден бастамақ. Олар көпбалалы отбасыларды мазалайтын кем дегенде 15 мәселені анықтап алып, соған қарай нақты бағдарлама жасайтын болады. Бұған мемлекет барынша қолдау көрсетпек. «Ару ана» бірлестігі үлкен мегаполистердің айналасына топтасқан әлеуметтік топтармен тікелей жұмыс жүргізуге мүдделі. «Бақытты отбасы» деп аталатын көпбалалы аналар орталығы алғаш Алматыда ашылады. Бұл тәжірибе өзге өңірлерде де жүзеге асырылады.  

Зүлфия БАЙСАҚОВА, ТҰРМЫСТАҒЫ ЗОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Жұмысты бастау үшін үлкен талдау жасап, отбасылық мәселелерді жіктеп, әйел мен балаға нақты не керек екенін біліп алуымыз керек. Оның ішінде, әрине, алимент мәселесі де бар. Соңғы 5 жылда алимент төлемейтін әкелердің үлесі екі есеге өскен.

Р. Асқарбекұлы