Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

АҚШ қаржы министрлігі Иранға қарсы санкцияны күшейтті

AstanaTV
01.11.2017ж. 20:00
1839
АҚШ қаржы министрлігі Иранға қарсы санкцияны күшейтті

АҚШ-тың қаржы министрлігі Иранға қатысты санкциялар тізімін кеңейтті,- деп хабарлайды Рейтерс. Тізімге Қарауылдар корпусы қарулы күштерінің жекелей түрлері де ілігіп отыр. Бұл жаппай қырып-жоятын қаруды тарату мен терроризмге қарсы күрес мәселесіне қатысты. Құжатта жаңа шектеулердің 41 жеке тұлға мен компанияны қамтығаны айтылған.

Ресми Тегеран барлық айыптан бас тартып, қатаң әрекеттерге дайындалып жатқанын жеткізді. Тіпті американ әскерилерін лаңкестер деп жариялауға әзір. Қазанның ортасында АҚШ-тың қаржы министрлігі Қарауылдар корпусы мен бірқатар Иран компанияларын терроризмге қатысты тұлғалар санатына қосқан.

Айдың соңында Конгрестің төменгі палатасы Иранға қатысты жаңа санкциялар туралы заң жобасын бекітті. Онда елдің баллистикалық зымырандар бағдарламасын дамытуына байланысты шаралар тізімі көрсетілген.