Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Нью-Йорктегі теракт салдарынан бірнеше адам қаза тапты

AstanaTV
01.11.2017ж. 20:00
2347
Нью-Йорктегі теракт салдарынан бірнеше адам қаза тапты

Нью-Йоркте болған терактіден соң АҚШ-та шекаралық бақылау күшейді. Рейтерстің хабарлауынша, президент Дональд Трамп осындай пәрмен берген. Манхэттенде лаңкес тізгіндеген жүк көлігі балалар отырған автобусты жаншып өтпек болған еді. Соңғы ақпаратқа сай, бұл қанды оқиғадан 8 адам қаза тапты. 10-нан астамы жарақат алған.

Лаңкестің өзбекстандық Сайфулло Саипов екені анықталды. Ол Америкаға 2010 жылы қоныс аударған. Өзін  ДАИШ-тің өкілімін деп санайды. Алайда оның радикалды ұйыммен байланысы бар-жоғы әлі нақтыланған жоқ. Шекаралық бақылаудың қатаңдауы салдарынан кеден бекеттерінде мұқият тексерістер орын алуы мүмкін. Бұл туралы ТАСС хабар таратты. АҚШ аумағына кіруші азаматтардың қаржылық қызметі, әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалардағы аккаунты жіті бақыланады. Ал Uber компаниясы өкілдері Саиповтың такси жүргізушісі болғанын мәлімдеді. Оның қылмыс әлеміне қатысы жоқ, тек бірнеше рет жол ережесін бұзғаны айтылады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА