Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тәуелсіздік алғаннан бері ел экономикасы 15 есе, ал халықтың табысы 9 есеге артты

AstanaTV
20.03.2019ж. 20:00
4622
Тәуелсіздік алғаннан бері ел экономикасы 15 есе, ал халықтың табысы 9 есеге артты

Тәуелсіздік алғаннан бері ел экономикасы 15 есе, ал халықтың табысы 9 есеге артты. Кедейшілік деңгейі 10 есеге қысқарды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жасаған тарихи үндеуінде айтты. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктердің бірсыпырасына тоқталған ол шикізат ресурстары есебінен қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін қор құрылғанын да тілге тиек етті. Сондай-ақ, Елбасы алға қойылған биік мақсаттарға да тоқталды.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Қазақстан тек аумағы жағынан ғана ірі мемлекетке айналған жоқ. Бүгінде азаматтарымыздың саны 18 миллионнан асты. 20 миллионға жететін күн де алыс емес. Біз әлемдегі озық дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленді. Мақсатымыз - озық дамыған 30 елдің қатарына ену. 

Ел заңнамасына сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы мәртебесіне ие болып қала береді. Сондай-ақ, орасан зор өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің және «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесі қызметтерін жалғастырады.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы - менің мүддем болып қала береді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізді жаңғырту процестерін жалғастыратын болады. 

Н. Біләл