Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Н. Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін тоқатқаны туралы ақпарат ел ішінде ғана емес, шет мемлекеттерде де қызу талқыланып жатыр

Н. Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін тоқатқаны туралы ақпарат ел ішінде ғана емес, шет мемлекеттерде де қызу талқыланып жатыр

Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін тоқатқаны туралы ақпарат ел ішінде ғана емес, шет мемлекеттерде де қызу талқыланып жатыр. Белгілі басылымдар Қазақстандағы билік транзитін бұрыннан бақылап келді. Елді Н.Назарбаев басқарған жылдары әлем Қазақстанды бар қырынан таныды. Ұлт көшбасшысының жаһандағы жетістіктеріне Данияр Қайыртай көз жүгіртті.  

Данияр ҚАЙЫРТАЙ, ТІЛШІ: 

Нұрсұлтан Назарбаев төрткүл дүниеге алдымен өз елінде ядросыз саясатты жүргізуі, кейін сол идеяны басқаларға ұсынуы арқылы танылды. Бұл бастаманы ол әр түрлі мінберден бірнеше рет мәлімдеген. Қазір Қазақстан бейбітсүйгіш ел ретінде белгілі. Президенттік қызметіндегі соңғы үндеуінде Елбасы «егер біз күшті болсақ, бәрі де бізбен санасады» деді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Я верю в то, что мы движемся правильным курсом, и ничто не сможет сбить нас с верного пути. Если мы будем сильны, с нами будут считаться. Если мы будем надеяться на чудо или полагаться на других, мы растеряем достигнутое.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаттағы жетістігі сол - әлем елдерімен достық қатынас орнатып бергені. Елбасы осы абыройының арқасында мемлекеттер басшыларын Астанаға жинап, дүниежүзілік маңызы бар бірқатар іс-шара өткізуге мұрындық болды.  

Чжан СЯО, ҚХР ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ: 

Елбасымен кездесуде екіжақты байланысты нығайту туралы келістік. Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты жалғаса береді. Достық байланыс сақталады.

Қазақстанның әлемдік аренада бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуда рөлі ерекше. Тұңғыш Президенттің басшылығымен бітімгершілік миссиялар атқарылды. Соның бірі «Астана форматы» аталып кеткен Сириядағы шиеленісті реттеуге арналған конференция. Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық одақ идеяның» да авторы. 

Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Нұрсұлтан Назарбаев біздің мемлекеттер арасындағы интеграцияның, Еуразия экономикалық одағының бастамашысы. Жоба оның тікелей араласуы мен қолдауының арқасында дамып келеді.

Елге Нұрсұлтан Назарбаев билік еткен 29 жылда кәрі құрлықтағы мемлекеттермен байланыс нығайды. Тіпті,Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, саммитін өткіздік. Еуроодақпен алыс-беріс артып, тұрғындардың барыс-келісіне жиіледі. 

Майя КОСЬЯНЧИЧ, ЕУРООДАҚ СЫРТҚЫ САЯСАТ ҚЫЗМЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Қазақстан Еуроодақтың аймақтағы негізгі серіктесі. Орталық Азияда алғаш болып бізбен әріптестік туралы келісімге қол қойды. Еуропалық одақ Қазақстан үшін сауда-саттық жағынан және инвестиция құю жағынан бірінші орында.

Қазақстан былтыр Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық жасады. Тағы да әлем алдындағы орнымызды бекемдей түстік. Бар тарап Қазақстанмен санасатын болды. Тұңғыш Президент айтқан «күшті ел» қалыптаса бастады. 

Д. Қайыртай