Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Бірқатар Президент Қ.Тоқаевтың жауапты қызметіне табыс тіледі

AstanaTV
22.03.2019ж. 20:00
3341
Бірқатар Президент Қ.Тоқаевтың жауапты қызметіне табыс тіледі

Қазақстанмен экономика, сауда, инвестиция және жаһандық қауіпсіздікке қатысты ортақ әріптестік жалғаса түседі. Президенттік лауазымына кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ тарапы осылай деп қолдау білдірді. Вашингтонның мемлекеттік департаменті билікті бейбіт жолмен тапсырған Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Еуразиялық экономикалық комиссия да жаңа Президенттің қызметі халықтың берекесін арттыруға бағытталады деп сенеді. Ал Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай тату көрші әрі сан салада стратегиялық серіктес деп атады. Режеп Тайип Ердоған да Президенттің жауапты қызметіне табыс тілеп, түркі тілдес халықтың ортақ мерекесі Наурызбен құттықтады. Сингапур Республикасының Президенті былтыр 25 жыл толған арадағы достықты дамытып, жаңа Президентпен бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірді. Армения басшысы Армен Саркисян 27-ші жылға жалғасқан Қазақстанмен арадағы байланыстың саяси бағыты өзгермейтінін мәлімдеді. Грузияның Премьер-министрі Мамука Бахтадзе екі ел халқының игілігі үшін әріптестікті одан әрі нығайтпақ ниетте. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Норов Бішкекте өтетін саммитте Қасым-Жомарт Тоқаевпен өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқыламақ. Біріккен ұлттар ұйымының өкілі Қазақстанның жаңа президентінің мол тәжірибесіне жоғары баға берді. 

Д. Қайыртай