Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Жаңа Президент қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

AstanaTV
22.03.2019ж. 20:00
5348
Жаңа Президент қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Наурыз - рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп есептейді. Мемлекет басшысының қазақстандықтарды құттықтау хаты Ақорда сайтында жарияланды. Онда бұл мереке дамудың жаңа лебін әкелетіні жазылған.    

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгінде Наурыз - ортақ шаңырағымыз - Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам. Оның мәңгілік мәні - ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды - халықтың ынтымағын бекемдеу. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді халық даналығы. Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!

Г. Меңдеева