Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы елорданың «Нұр-Сұлтан» атауына қатысты шешімді қолдайды. Бүгін коалицияның кезекті отырысы өтті. Саяси ұйым өкілдері Астананың атауын ғана емес, кейбір қалалардың атын да әйгілі тұлғаларға беруді ұсынды. Тілші материалы.
Коалицияға 6,5 мыңнан астам адам мүше. Отырысқа елдегі жетекші саяси партия өкілдері де түгел қатысты. Жиналғандар тарихи маңызды әрі жауапты шешімді талқыға салды. Тұңғыш президенттің қиын-қыстау заманда елді дағдарыстан алып шыққанан бастап, бүгінгі әлемдік аренадағы авторитеті де айтылды. Ал Астана жобасының авторы екеніне, кірпішін өзі қалағанына да ешкім шүбә келтірмейді.
Серік СҰЛТАНҒАЛИ, «БІРЛІК» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қаланың емес, Қазақстанның бас архитекторы деп атауға болады Нұрсұлтан Әбішұлын. Менің өз мамандығым архитектор. Сондықтан құрылыстың не екенін білемін. Осындай қысқа мерзімде гүлденген қала шыға келді. Енді кімнің атын беру керек? Әрине, бұл мәселде баяғыдан талқыланды. Бірақ, ол кісі оған жол бермеді.
Әли БЕКТАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біздің халқымызда жақсы сөз бар. Азаматын ұлықтай алмаған, болашағын құндақтай алмайды дейді. Біз үлгі көрсетеміз десек президентімізді, алдыіңғы қатарлы азаматтарды, еліміздің жетістіктерін төбеге көтеруіміз керек. Сонда ғана ұрпаққа өнеге көрсете аламыз.
Қазақстан, Нұрсұлтан. Шетелдіктер үшін бұл егіз ұғым болып кетті. Отырысқа қатысқандар мұны да жоққа шығармады. Барлық реформалардың авторы, әлемдік деңгейдегі саясаткердің аты тарихта алтын әріппен жазылады. Мәулен Әшімбаев елбасының табандылықпен, көрегендікпен келген ерен еңбегін жіпке тізді.
Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихында тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған, қазақтың мемлекеттілігін қайта жандандырған ұлы тұлға ретінде қалады. Сол себепті қазіргідей тарихи кезеңде қазақстандық қоғам бірлікті ту етіп, Елбасының стратегиялық саясатының арқасында әрі қарай бірігуі тиіс деп есептейміз. Сондай-ақ, қоғамымыз Тұңғыш президентіміздің анықтап берген жолымен жүріп, өзінің біртұтастығын және өзінің жетілгенін көрсетуі тиіс.
Кәсіпкерлер палатасы да қала атын өзгерту шешімін қолдайды. Ол 1 миллионнан астам кәсіпкер. 27 жасында тұңғыш президент жанында болып, талай қиындықтарды еске алған палата төрағасы елорданы көшіру бастамасы оңайлықпен келмегенін айтты.
Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Алғашқы кезде магнитіміз Алматы болды. Қазір қараңызшы жастар қайдан келді, Қостанайда, Теміртаудан. Соноқалалар болашағы жоқ. Астана магнит болды. Қанша жастар оқу алып жатыр, жұмыс алып жатыр. Олар қайда кетер еді ертең Елордамыз болмаса, старатегиялық шешім болмаса? Әрине, көрші елдерге кетер еді. Мұның бәрі ол кісінің стратегиялық шешімі. Ұлттың болашағын ойлағандығы.
Қазыбек ИСА, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Елбасымыздың атын Елордаға бере отырып, біз тарихи сабақтастықты да ойлауымыз керек. Ол үшін сәтті жалғасытур үшін петропавл қаласын кезінде өзінің ордасы болған, үш жүздің басын қосқан Абылай ханға, Павлодарға тәуелсіздік үшін күрескен соңғы ханы Кенесарыға, ал енді кезінде Алаш қаасы атанған Семейді Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханға беріп, жақсы жалғастырып алып кетуіміз керек деп ойлаймын.
Одақтан озық ел шығарған реформатор, новатор, көшбасшы. Осылай деген Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президенттің атын алған қала жаңа қарқынмен дамып, әйгілі әлем мегаполистерінің біріне айналады деді.
Г. Меңдеева