$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанның астанасын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту туралы шешімді аймақтар қолдайды

AstanaTV
25.03.2019ж. 20:00
4109
Қазақстанның астанасын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту туралы шешімді аймақтар қолдайды

Астанаға «Нұр-Сұлтан» атауын беру туралы шешімді өңірлерлер де қолдайды. Ақтауда өткен жиында да осы мәселе кеңінен сөз болды. Жергілікті белсенділер, жастар мен нұротандықтар елдің бас қаласының атауын өзгерту, Елбасына деген құрмет деді. «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашевта осы жиында өз ойымен бөлісті.  

Қаныбек ЖҰМАШЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізу туралы Жарлыққа қол қойғаннан кейін, барша қазақстандықтардың өмірінде, тұрмыс тіршілігінде, саяси және әлеуметтік жағдайында үлкен жаңғыру басталды деп айта аламыз. Бұл - елордамыздың «Нұр-Сұлтан» деп аталуы. Әрине, бұл үлкен тарихи шешім. Бұл шешімді ерекше түйсіну керек. Бұл шешімді қазақ халқының өзінің арасынан шыққан ұлына, бір туар еріне деген үлкен ризашылығы деп түсіну керек.

Шыментте жүрген мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай да Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгертілуі көптің тілегі екенін жеткізді. Іргетасын өзі қалаған, әрі оны әлемге танытқан Тұңғыш Президенттің қажырлы еңбегіне осылай баға беріп отыр,-дейді.

Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Елбасы мен Астана біте қайнасып кеткен ұғым екенін бірі біледі. Оның үстіне Астана атауын берген, яғни, жаңа топонимиканың бастаманың авторы да-Елбасы болатын. Біздіңше, бір-біріне синоним сияқты, бір-бірін толықтыратын ұғымдар дүние жүзінің картасына түссе, шын мәнінде бұл қазақ үшін, қазақстандық үшін мақтаныш емес пе?!

А. Төребекқызы