Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Қаламқас» кен орнында болған төтенше жағдайдан кейін «МаңғыстауМұнайГаз»-да тексеру жұмыстары басталды

AstanaTV
25.03.2019ж. 20:00
3813
«Қаламқас» кен орнында болған төтенше жағдайдан кейін «МаңғыстауМұнайГаз»-да тексеру жұмыстары басталды

«Қаламқас» кен орнында болған төтенше жағдайдан кейін «МаңғыстауМұнайГаз»-да тексеру жұмыстары басталды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. Тексеріс нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданып, қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі анықталмақ. Бүгін таңғы 7-лер шамасында «Қаламқас» мұнай-кен орнында ұңғымалардың бірінде 900 шаршы метр аумақта биіктігі 10 метрге жететін грифон өртенді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Кен орнында 5-ші Наурыз күні бұрғылау жүргізіліп, ұңғымада шаю жұмыстары атқарылған. Бірақ, цемент қату барысында газ-су аралас қоспа атқылаған. Жауапты ведомства мұнай қалдықтары жерді ластаған жоқ деп отыр. Сондай-ақ, Каспий теңізіндегі қорғау дамбысы апат болған кен орнынан 4,5 шақырым алшақ орналасқан. Ал, жақын мандағы елді-мекендер 70 км-ден астам қашықтықта екен.  

Н. Біләл