Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Апатқа ұшыраған «Викинг Скай» круиз кемесінде екі отандасымыз болған

AstanaTV
25.03.2019ж. 20:00
3260
Апатқа ұшыраған «Викинг Скай» круиз кемесінде екі отандасымыз болған

Апатқа ұшыраған «Викинг Скай» круиз кемесінде екі отандасымыз болған. Олар дін аман. Бұл туралы Норвегиядағы консулдық өкілдері хабарлады. Еске сала кетейік, сенбі күні бортында 1400-ге жуық жолаушы мен экипаж мүшелері бар лайнердің қозғалтқышы істен шыққан. Норвегияның құтқару агенттігі жергілікті уақытпен 14:00-де дабыл белгісін алғандарын айтады. Бұл уақытта теңізде қатты жел тұрып, толқындар көтерілген. Құтқару операциясына бес тікұшақ пен бірнеше кеме жұмылдырылды. Нәтижесінде 463 адам әуе арқылы жағалауға жеткізілді. Ал істен шыққан кеме кеше түнде катер көмегімен жағалауына жеткен. «Викинг Скай» жолаушылары жергілікті қонақ үйге жайғастырлды. Ол жерде тиісті көмек көрсетіледі - деді Норвегия билігі.  

Н. Біләл