$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Онлайн-қаржы ұйымдарының пайыздық үстемесі өте жоғары-Ұлттық банк

AstanaTV
26.03.2019ж. 20:00
4002
Онлайн-қаржы ұйымдарының пайыздық үстемесі өте жоғары-Ұлттық банк

Ал Ұлттық банк Онлайн-кредит ұйымдары халыққа өте жоғары пайызбен несие беріп жатыр деп мәлімдеді. Бұл азаматтар мен шағын бизнеске зиян келтіруде. Ал қаржы министрі микрокредиттік ұйымдар адамдардың сауатсыздығын пайдаланып, жылдық үстемені 100 пайызға дейін өсіргенін айтады. Былтыр Ұлттық банкпен онлайн несие беретін банктік емес ұйымдарды бақылау туралы заң қабылданған. Ол биыл күшіне енеді.   

Әлихан СМАИЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: 

Азаматтарымыздың мүддесін қорғау үшін кредит берушілердің қызметтерін бақылап, маржаларына шектеу қоюымыз керек. Сондықтан, Ұлттық банкке олардың жұмысын реттейтін құзірет беру ұсынылып отыр. Шынын айтсақ, бұл халықтың несие шартын түсіне бермейтінін пайдаланып жасалып отырған ашық алаяқтық.

А. Сейфулла