Алматыда Тайландтан келген қазақстандық туристерден денге безгегі анықталды. Биылдың өзінде бұл ауруды 4 адам жұқтырған. Тағы бір адам күдікпен емханаға түсті деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы. Көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Яғни, 2018 жылы дәл осы геморрагиялық вирусты жұқтырған 2 отандасымыз тіркелген болатын.
Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қазір бізде тіркелген 4 ауру адам лихорадка денгемен. 5-ші адам қазір ауруханада емделіп жатыр. Оның лобороториялық зерттеуі біткеннен кейін 5-ші адам болып тіркелуі мүмкін. Бірақ симптомдарының бәрі лихорадка денгеге келеді. Туристтер болсын, кім болсын Тайланд, Оңтүстік Шығыс Азияға барған адамдардың осындай сиптомдары пайда болса, келе салысымен Алматыдағы инфекциялық емханаларға хабарласуы керек.
Айта кетейік, денге безгегі геморрагиялық өткір вирустар қатарына жатады. Негізінен жылы климат аймақтарында кездеседі. Ауруды тасымалдаушы-маса. Алғашқы белгілері - буын ауыруы, қалтырау, денедегі бөртпелер, лимфобездердің шошынуы. Ал ауруды тасымалдаушылар ұсақ жәндіктер, маса, маймылдар. Сондықтан сапарға шыққан кезде міндетті түрде арнайы крем немесе қажетті екпе салдырғаны абзал, дейді дәрігерлер.
О. Нұржақып