$538.33 €626.99 ₽6.71
×

М. Құл-Мұхаммед комитет төрағасы болды

AstanaTV
28.03.2019ж. 20:00
М. Құл-Мұхаммед комитет төрағасы болды

Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетіне төраға болды. Бұған дейін жоғары Палатада осы Комитетті Дариға Назарбаева басқарған. 58 жасар Мұхтар Құл-Мұхаммед былтыр ақпан айында Сенат депутаты болып тағайындалған-ды. Сондай-ақ, су жаңа депутат Қайрат Қожамжаров бүгін ант қабылдады. Ол Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды. 

Ә. Өмірзақ