Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Аймақтар Елорданың «Нұр-Сұлтан» атауын қолдайды

Аймақтар Елорданың «Нұр-Сұлтан» атауын қолдайды

Ел астанасын «Нұр-Сұлтан» болып өзгертуде ұтпасақ, ұтылмаймыз. Шымкентте бас қосқан «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымы мүшелері осындай ой айтты. Өзге өңірлердегі партиялықтар да Астана-Тұңғыш Президенттің бірегей мега жобасы деп отыр. Елорда төрінде талай жаһандық түйткілдер талқыға түсіп, оң шешім қабылданып жүр. Сондықтан, бас қалаға Елбасының есімін беру әділ шешім деді.  

Шымкентте «Nur Otan» партиясына қарасты 43 бастауыш партия ұйымы бар. Оған 20 мыңнан астам адам топтасқан. Олар ел болып қалыптасуға, Сарыарқадан жаңа астана тұрғызған Тұңғыш Президенттің еңбегі жіпке тізе келе, бас қалаға оның есімін беру әділ шешім деп отыр.   

Төреайым СҰЛТАНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Еліміз тыныш, деніміз сау. Жастарымыз бақытты. Барлық білімді алып жатырмыз, әлемге танылып жатырмыз. Туымыз биіктен желбіреп тұр. Оның өзі де біздің алғашқы Президентіміздің арқасы деп ойлаймыз. Сондықтан да біз бірауыздан қолдаймыз.

Атыраулықтар да Тұңғыш Президенттің есімі - Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласына әбден лайық деп санайды. Аймақта «Nur Otan» партиясының 32 мың мүшесі бар. Барлығы да елордаға Нұр-Сұлтан атауы берілуін қуанышпен қабылдаған.  

Ринат ЖАҢҒЫЛЫШОВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Біз нұротандық ретінде емес, Қазақстанның азаматы ретінде түбегейлі қолдаймыз. Ол дер кезінде қабылданған шешім. Өз басым қуана ол шешімді қабылдадым.

Ал Қостанайда бас қосқан демократиялық күштер жалпыұлттық коалиция мүшелері ел астанасы халықаралық бітімгершілік алаңына айналғанын сөз етті. Елбасы тәуелсіз мемлекетімізді күллі әлемге танытты. Осындай тарихи кезеңде қазақстандық қоғам бірлікті ту етіп, біртұтастығын көрсетуі тиіс, деді.   

Әлімжан БЕКМАҒАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Көптеген үлкен шаралар өткізілді.Соның арқасында біздің Қазақстанның жетістіктері, саяси-экономикалық мәдени тұрғыдағы соның барлығы біздің Астанада өткізілгені белгілі. Сондықтан қазіргі кезеңде біздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атын беру ол- әділ шешім.

Ал Өскеменде бас қосқан бастауыш партия өкілдері партия жобаларын талқылап, өзара тәжірибе бөлісуде. Мұнан бөлек әлеуметтік желімен жұмыс жасауды жолға қоймақшы. Басты мақсат –«Nur Otan» саясаты мен Елбасы жасаған реформаларды халыққа жіті түсіндіру дейді.  

А. Төребекқызы