Қазақстандықтар жемқорлық фактілерін хабарлап, 27 млн теңге тапқан. Былтыр пара беру оқиғасының 185 куәгеріне әртүрлі көлемде сыйақы тағайындалды. Ақпарат жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің брифингінде айтылды. 27 млн-ның 18,1 млны- ауыр қылмыс туралы хабарлаған 106 адамға берілген. 9 млн 400 мың теңге орта деңгейдегі жемқорлық фактісін жеткізген 73 тұлғаға, 192 мың теңге- аз-маз ақша ұсынған 2 куәгерге төленді. Жыл басынан бері ұлттық бюро 29 адамға 4,5 млн теңге аударыпты.
Арман БЕРДАЛИН, МҚІЖ ҚА ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:
Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша әрбір адам біздің Агенттікке ресми хатпен, немесе Ұлттық бюроның және оның аумақтық департаменттерінің кезекші бөлімшелеріне және еліміздің барлық өңірлері үшін қолжетімді және аптасына 7 күн тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Call орталығына хабарласа алады.
Агенттік «Nur Otan» партиясы жанындағы балалар құқығын қорғау кеңесімен бірлесіп, балалар үйі мен интернаттар бюджетін оңтайландырумен де айналысып жатыр. Нәтижесінде Шымкенттегі үш балалар интернатының бюджетінен 10 млн теңге үнемделген. Артылған ақша қауіпсіздік шараларын күшйетуге жұмсалады.
Динара ЗАКИЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Отбасыларды қолдау қызметін енгіздік. Қалалық балаларды қорғау орталығында бұл шаруа жақсы нәтижесін берген. Ол жақта 171 бала тәрбиеленіп жатқан 57 отбасыға көмек берілді. Сонымен қатар, осы орталықтарда ата-аналар мен балаларды жаңа отбасын құруға дайындайтын мектептер ашу жоспарлануда.
А. Сейфулла