Ал бұл уақытта Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар саны көбейді. «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық іс -қимыл кеңесі осыны анықтаған. 2017 жылы парақорлық әрекеті үшін 59, 2018 жылы 65 адам жауапқа тартылған. Бұл жемқорлық 43-тен 51 пайызға жоғарылады деген сөз. Қылмыстық фактілер негізінен Саран, Шет аудандарында, Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев қалаларында тіркелген. Мысалы, былтыр Балқашта азаматша Оспанова мүгедектердің құжаттарын реттеп берем деп 200 мың теңгеден сыпырып алып отрыған.
Ерлан ҚОШАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін партиялық жауапкершілікке тарту. 2013 жылы партияның 13 мүшесі партиялық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде «Нұр Отан» партисы қатарынан 4 адам шығарылды,
Кеңес жемқорлыққа қарсы күрес әдістерін өзгерту керек дейді. Нәтиже көру үшін парақорлық фактісін жариялап, кінәліні жазалаумен шектелмей себебін зерттеу маңызды.
Оралбай ӘБДІКӘРІМ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС -ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:
Ол неге ондай жолға түсті? Сол зерттелмейді. Ең нашары - жемқорлықтың алдын алу жұмысы. Бұл жөнге қойылмаған. Бұрынғы статистика бойынша құқық қорғау органдары қарайды. Былтырға қарағанда өседі,азаяды деп. Партия органдары осыған баға беру керек. Осы бойынша бағдарды да өзгерту керек.
А. Сейфулла