Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Бүгін Ақтаудағы 30153 авиациялық бөлімі опат болған қаруластарын аза тұтты

AstanaTV
29.03.2019ж. 20:00
3989
Бүгін Ақтаудағы 30153 авиациялық бөлімі опат болған қаруластарын аза тұтты

Бүгін Ақтаудағы 30153 авиациялық бөлімде қаралы күн жарияланып, әскерилер опат болған қаруластарын аза тұтты. Қайғыдан қан жұтқан жауынгерлермен қазір психологтар айналысып жатыр. Апатқа ұшыраған әуе кемесіне ілесе ұшқан үш тікұшақтағы әскерилер қазір дәрігер бақылауында. Әскери бөлім басшысының сөзінше, МИ-8 тікұшағы әлі күнге сенімді техника саналады. Ал экипаж тәжірибелі ұшқыштардан іріктелген. Арнайы құрылған комиссия әуе апатына не себеп болғанын анықтап жатыр. Ал қара жәшік әлі іздестірілуде. Тіпті табылған күнде де жазбаларды анықтауға екі күн уақыт кетеді деді әскери бөлім командирі. 

Жәнібек ЖҰМАШЕВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ № 30153 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ: 

Апатқа ауа райы себеп болуы да, техникалық ақау ақау шығуы да мүмкін. Ауа райы сол кезде ұшуға қолайлы болды, әрі экипаж да тәжірбиелі болғасын, апат себебін тап басып айту қиын. Әрі ұшудың екі кезеңі сол күні өткізілді. Бортта құтқару құралдары болды. Экипаж тікұшақты апатты жағдайда тастап шығатын штаттық құтқару жүйесін де пайдалана алатын еді. Бірақ. олардың борттан шықпауына не себеп болғанын білмеймін.

Еске салайық, «Алтын жебе» атты арнайы бөлімдердің оқу-жаттығуы кезінде 27 наурызда Ақтаудан Шымкент қаласына аттанған тікұшақ апатқа ұшырады. Тікұшақ әуеге көтерілгеннен кейін арада бірнеше минут өткесін байланыс жоғалған. Кейін МИ-8 Қызылорда облысы Жалағаш ауданында апатқа ұшырағаны мәлім болды. Қазір экипаж мүшелерінің бәрінің денесі табылды. 

Е. Карин