Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Президент Қ.Тоқаев жалға берілетін пәтерлерді мамырдан бастап үлестіруді тапсырды. Талдықорған әкіміне байланысты қызметтік тексеру

AstanaTV
30.03.2019ж. 20:00
3981
Президент Қ.Тоқаев жалға берілетін пәтерлерді мамырдан бастап үлестіруді тапсырды. Талдықорған әкіміне байланысты қызметтік тексеру

Президент Қ.Тоқаевтың осы аптада берген тапсырмасы – әлеуметтік жағдайы нашар көп балалы отбасыларға жалға беретін пәтерлерді алдағы мамыр айынан үлестіру. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдерін жинап өткізген кеңесте айтқан. Тұрмысы нашарларға 40 мың пәтер бөлу жоспарланған етін. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды жолға қоюды да айтқан. Өзі Твиттердегі парақшасында Леңгердегі сасық канализация проблемасын шешуге тапсырма берген. Көрген сюжеті бойынша. Ал Тенгриньюс порталы бұл тақырыпқа байланысты екі жыл бұрын көлемді фоторепортаж жасаған екен – барлық жуынды құйылатын құдықтың басында тыныстау мүмкін еместігі, тазарту қондырғылары баяғыда істен шыққаны, халықтың ішетін суының да мөлдіреп тұрмағаны баяндалған. Құдай бере салған тұмса табиғат - биік таулар мен көкмайса шалғын да көрік бере алмаған көң-тіршілік.  

Ал Алматыда көлігінен 100 долларлық муляж пачкалар (полиция таратқан хабарламада қолдануға болмайтын ақша деп жазылған) мен травматикалық тапанша табылған жүргізуші ұсталғаннан кейін тексеру басталған. Әлеуметтік желілердің қолданушылары көліктің жүк салғышында жатқан 007 TTD 02 және 055 TTD 05 нөмірлеріне назар аударған. Талдықорған әкіміне жақын адам емес пе?, деген сауал қойған. Алматы облысының әкімдігі «Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевқа қатысты қызметтік тексеру басталды. Келтірген деректі жоққа шығара да, растай да алмаймыз. Тексеру қорытындысынан кейін мәлімдеме жасаймыз» деген хабар таратты.  

Алматы полициясының экипажы алдыңғы терезелері қараңғыланған Toyota Camry көлігін тоқтатқан. Жүргізушінің көлік жүргізу құжаты, жалпы машинаға қатысты қандай да бір құжаты болмай шыққан. Инспекторлар көлікте арнайы жарық және дыбыстық сигнал беретін қондырғы көрген. Ондай қондырғы арнайы және жедел қызметтердің көліктерінде ғана болуы тиіс. Құқық бұзушы мазасызданып, қолынан телефоны түспеген. Табылған заттардың кімдікі екенін түсіндіре алмаған. "Машина менікі емес" дегеннен басқа. Бір қызығы, сол жерге барған көліктің иесі де "ол заттарға қатысым" жоқ деген.