Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әуе кемесімен тасымалданатын тегін жүк мөлшері енді ақылы болуы мүмкін

AstanaTV
01.04.2019ж. 20:00
3300
Әуе кемесімен тасымалданатын тегін жүк мөлшері енді ақылы болуы мүмкін

Әуе кемесімен тасымалданатын кез келген жүк енді ақылы болуы мүмкін. «Транспорт туралы» заң жобасы қазір Парламентте. Өзгеріс депутттар тарапынан мақұлданса, кез-келген жолаушы қол сөмкенің әр келісіне ақша төлейді. Дегенмен бұл бастама қазірдің өзінде сарапшылар тарапынан қызу талқыға түскен.Әріптесім Олжас Нұржақып тараптарды тындап, мәселеге үңіліп көрді. 

Әуе компаниялары ұсынған ұшу билеттерінде әр жолаушының жүк алып жүру мөлшері көрсетіледі. Яғни, 20 келіге дейін тегін тасымалдауға рұқсат бар. Бірақ, бұл жүйе билет бағасын арзандатуға мүмкіндік бермей отыр, дейді депутаттар. Сол себепті заңға толықтыру енгізу қолға алған.  

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

10. 00. 32 Билеттің құнын түсіреміз деп қосымша жүк багажына қаржы алу мәселесін көтеретін болсақ жолаушыға ешқандай жеңілдігі де көп бола қоймас. Өйткені, ол билетке төлейме, жоқ багажына бөлек төлейме. Бәрі бір қалтадан төлейтін нәрсе ғой. Бұл жерде тиянақты қарау керек деп есептеймін.

Қазіргі жолаушылар ережесінесай енді 158 сантиметрден, салмағы 20 келіден аспайтын жүкті тегін алып жүруге болады. Ал бизнес-санаттағыларға 40 келіге дейін жүк тасымалдауға рұқсат етілген.   

Ұшақ билетін арзандату үшін, енді тасымалдайтын жүктің әр келісіне ақы алмақшы. Ал, оның қаражат көлемін шамамен қанша болатынын ешкім айта алмады. Әр әуе компаниясы жүк салмағының құнын өздері бекіту құқығына ие болмақ. Содан болар елдегі «Скат» әуекомпаниясы бұл өзгерісті құптап отыр.  

«SCAT ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:  

Әуе компания жүк тасымалын республикамыздың «транспорт туралы» заңында бекітілген ережеге сай жүргізеді. Егер қазір талқыланып жатқан заң жобасы мақұлданып жатса, біз өз тарапымыздан өзгеріске дайын екенімізді жеткізгіміз келеді. Әрі ішкі ережеге сай тасымал құнын бекітеміз.

Өткен жылы Ресей Федерациясы жолуашылар үшін «жүксіз тариф» жүйесін енгізген. Артынша «Эйр Астана» әуекомпаниясы да жолаушыларына осындай үлгі ұсынды. «Базалық» деп аталған тариф бойынша азаматтар тек қол жүгін ғана ұстап ұшу арқылы, билет бағасын 10 пайызға арзан сатып келді. Бірақ, көп ұзамай министрлік бұл жүйеге тоқтау салды. «Сапа» тұтынушылар құқын қорғау қоғамдық ұйымы жетекшісі болса бұл өзгеріс тұтынушыларға еш жақсылық әкелмейтіндігін айтуда. Сондықтан жаңа заңның қабылануына қарсы.  

Әлиақпар МАТЫШЕВ, «САПА» ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

10-08-56 Барлық тұтынушылар лоукостерді таңдайды. Негізі төмен бағасы болғасын. Сол себепті үлкен авиакомпаниялар бұлардың бәрі өзінің табыстарын азайтады. Сол табыстарды азайтпау үшін бұл табысты тағы көтеру үшін бұлардың ойымен әр килограм бойынша тұтынушыларды төлеткізу, сол заң жобасы түртіп отыр. Сол себепті бұл заң әр тұтынушыға ешқандай жақсылық әкелмейді.

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ: 

Сөз арасында айта кетейін «FlyArystan» әуекомпаниясы билет сатуды бастады. Әзірге тек «Алматы-Тараз», «Алматы-Орал» бағытында ғана ұшады.Билет құны да әдеттегіден арзан. Мысалға, Алматы мен Тараз арасына билет бағасын небәрі 5 мың теңгеге.

О.Нұржақып