Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада көпқабатты үй тұрғындары өртке қарсы құрылғыны өз ақшасына қойдырып жатыр

AstanaTV
31.10.2017ж. 20:00
2585
Астанада көпқабатты үй тұрғындары өртке қарсы құрылғыны өз ақшасына қойдырып жатыр

Шілде айында Астанадағы Highvill тұрғын үй кешені отқа оранғаннан кейін төтенше жағдайлар қызметі өкілдері мен тұрғындар қауіпсіздік мәселесіне мән бере бастады. Қазір өртке қарсы қызмет мамандары үйлерді аралап, арнайы дабыл құрылғылар орнату керектігін түсіндіріп жатыр. Бірақ бұл қондырғыны адамдар өз ақшасына орнатуы тиіс. Қаладағы «Майшам» деген атпен танымал көпқабатты ғимарат тұрғындары бүгінде осы құрылғыларды өздері орнатуға кіріскен.

Өрттен қорғайтын бұл қондырғыларды орнату құны 6 мың теңге тұрады. «Майшам» деген атпен танымал кешеннің тұрғындары бас амандығы үшін ақшасын санап беруге дайын. 19-қабатта тұратын Бибізайра Жазықбекова бұл құрылғының қауіпсіз екендігіне сенеді.

Бибізайра Жазықбекова, Астана қаласының тұрғыны:

Жыл басынан бері бірнеше жиын өткізілді. Сауалнама парағын көргендер осы қондырғының орнатылатынына қуанды. Бірақ қалған 125 пәтер иесі үшін жауап бере алмаймын. Дегенмен қауіпсіздік мәселесі оларды да ойландыратыны анық.

Зәулім тұрғын үй кешеніндегі көптеген пәтерлерде дабыл қондырғысы орнатылғанымен, жұмыс істемейді. Өйткені ұзақ уақыт бойы тексерілмеген. Жүйені қайта қалпына келтіру үшін «Батыр» пәтер иелері кооперативі екі жыл бұрын 500 мың теңге бөлуді жоспарлаған. Бірақ үйдің жеделсатылары мен құбырларын, өрт крандары мен желдету жүйесін қалпына келтіру керек болған.Мұның бәріне ақша керек. Сенсорларды тексеріп тұру үшін әр пәтер ай сайын 200 теңгеден жинайды 

Елдос Батталов, Астана қаласы Сарыарқа ауданы мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының бөлім басшысы:

Жоғары қабат тұрғындарымен жоспар жасақталды. Өйткені бұл құрылғылардың барлығы да тұрғындардан жиналған қаржыға орнатылады. Бірақ жиын күн сайын өткізілсе де, тұрғындарды көбірек қамту мүмкін болмады. Кейбірі үйлерінде жоқ.

Дегенмен "Сарыарқа" ауданындағы 129 тұрмысы төмен отбасыға мемлекет көмектесіп, улы газды анықтайтын арнайы құрылғылар қазына қаржысы есебінен орнатылуы мүмкін. Қазір бұл іспен жергілікті әкімдік айналысып жатыр.