Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Нұрлы жол» аясында салынып жатқан нысандар бойынша мердігерлерге 6 млн теңге айыппұл салынды

AstanaTV
31.10.2017ж. 20:00
2485
«Нұрлы жол» аясында салынып жатқан нысандар бойынша мердігерлерге 6 млн теңге айыппұл салынды

Оңтүстікте «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан алты нысан бойынша мердігерлерге 6 млн теңге айыппұл салынды. «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалының ұйымдастыруымен 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы бойынша партиялық тыңдау өтті. Құрылыс басқармасы басшысының дерегінше, айыппұл техникалық қадағалаушы мекемелерге де салынған.

Айта кетейік, өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 35 нысан салынып жатыр. Сондай ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 47 нысанның құрылысы жүруде. 

Нұрмахан Жолдасов, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Қыштарын, цементтерін құйылып жатқанына біз өзіміз іссапарменен арнайы барып, осының бәрін қадағалап, кемістіктерін айтып кеткен жағдайымыз бар. Алдағы уақытта да бұл мәселелердің барлығын да біз өзіміздің қадағалауымыздан шығармаймыз.