«Fly Dubai» әуе команиясы Дубайда қалып қойған саяхатшылардың шығындарын өтеп береді. Мұны Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ақпаратқа сенсек, Әмірліктерден ұшуы тиіс рейс Шымкенттегі халықаралық әуежайдың жазғы навигация слоты дайын болмауына байланысты тоқталыған. Алайда, Шымкент әуежайы мүлде басқа себепті алға тарады. Олар әуе компаниясы ұшып келу уақытын алдын ала белгілеген жоқ деп отыр. Жолдан қалған саяхатшылар қонақүйлерге орналысып, тамақтандарылды. Олар енді елге Нұр-Сұлтан, Алматы, Бішкек және Ташкент қалалары арқылы қайтады. Flydubai әуе компаниясының мәліметінше қазір жолаушылардың жартысы елге оралған. Қалғаны ертең таңертеңгі рейспен ұшып келеді.
«Fly Dubai» әуе компаниясының ресми мәлімдемесі:
Дубайдан Шымкентке ұшуға билет алған жолаушылар Алматы не Нұр-Сұлтан қаласына бронь жасай алады. Ал қаражатын қайтарып алғысы келетіндер турагенттікке, болмаса біздің Дубайдағы байланыс орталығымызға (00971) 600 54 44 45 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады. Жолаушылардан кешірім сұраймыз
Еске салайық, Дубайда 80-ге жуық қазақстандық рейстен қалғанын Otyrar.kz порталы хабарлаған. Әуеге көтерілуге 5 минут қалғанда ұшқыш шымкенттік әуежайдың бортты қабылдаудан бас тартқанын айтқан. Жолаушылар 7 сағат бойы әуежайда отыруға мәжбүр болды.
Д. Қайыртай