Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында елде жаппай жаттығу акциясы басталды

AstanaTV
05.04.2019ж. 20:00
3775
Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында елде жаппай жаттығу акциясы басталды

Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында елде жаппай жаттығу акциясы басталды. Елорда мектептерінде өткен спорттық шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Олег Честнов, Гиннес рекордтар кітабының 7 дүркін рекордсмені Марат Жыланбаев пен Олимпиада чемпиондары қатысты. Мектеп оқушыларынан бөлек, халықаралық акция кезінде мемлекеттік қызметкерлер мен мұғалімдер де бір мезетте жаттығу жасайды. Ұйымдастырушылар дәстүрлі спорттық сайыстың қауіпті аурудың алдын алумен тығыз байланысты екенін айтады. Өйткені инфекциялық емес дерттер дүние жүзіндегі барлық өлім-жітімнің 70%-н құрайды екен. Олардың қатарында қант диабеті, қатерлі ісік пен жүрек аурулары бар.  

А. Бектас