$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордада қысқа мерзімді оқу курсын бітірген 500-ге жуық адам жұмысқа орналаспаған

AstanaTV
05.04.2019ж. 20:00
4399
Қызылордада қысқа мерзімді оқу курсын бітірген 500-ге жуық адам жұмысқа орналаспаған

Қызылордада қысқа мерзімді оқу курсын бітірген 500-ге жуық адам әлі күнге жұмысқа орналаспаған. Былтыр сыр өңірінде 1700-ден астам адам қайта даярлау курстарынан өтуге өтініш білдірсе, соның мың жарымы оқуды табысты аяқтапты. Ал жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше тек 958 курсант жұмысқа орналасқан. Олар наубайшы, аспазшы, визажист, шаштараз бен тігіншілер. 

Бұл ательедегі жұмыс ісейтін киім пішетіндер мен тігіншілер біліктілік курстарының түлектері. Әрқайсысының тағдыры әрқилы. Жанар Ақшанова бұрын қаладағы кәсіпорындардың бірінде экономист болып жұмыс істеген. Қысқартуға ұшыраған соң қайта даярлау курсынан өтіп, жаңа мамандықты меңгеріп алғанына риза. Енді табысым да еселенді ,-дейді ол.    

Жанар АҚШАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Бірінші мамандық әрине, керек. Бірақ өзімнің қолымнан, балалық кезімнен қызыққасын осы творчествомды дамытуға, өзімнің қолымнан шыққан нәрсені көрген кезде қызыққасын, әрине одан сайын қызығушылық арта түсуде. Өзім қуаныштымын. Мамандықтың артықшылығы жоқ қой, кез келген жерде.

Алайда, оқу курсын тәмамдаған жандардың көбісіне жұмысқа орналасу сәті түспеген. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне жүгінсек былтыр мың бес жүзге жуық адам біліктілікті арттыру және оқыту курстарына жазылыпты. Бірақ, тілек білдіргендердің 234-і курсты толық бітірмеген. 958 түлек жұмысқа орналасыпты. Мамандар жұмыс таппағандар басқа мамандықты қайта оқуына мүмкінідігі бар екенін айтады. Кейбір адамдар жол ортадан оқуды тастап кететінін де жасырмайды.  

Гаухар ҚАЛМАҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл адами фактор,әуелі курстан өткісі келетінін білдіреді. Кейін оқу барысында қайта ойланып қалады. Жарты жолға жеткенде оқуды аяқтамай кетеді. Ережеге сәйкес, шектеулер жоқ. Жалғыз ғана шектеу зейнеткерлер бағдарлама бойынша қатыса алмайды.

Айта кетейік, былтыр қайта курстан өткендердің 57 пайызын жұмыс тауып беру міндет болса, облыс 64 пайызын орналастырыпты. Бұл бағдарлама бойынша биыл талап 60 пайызды құрап отыр. Оның үстіне жұмысқа қабылдайтындардың да талабы сәйкес келе бермейді дейді салаға жауапты мамандар.  

З. Санай