Қазақстан үкіметі Қытайдан 2 млрд 60 млн юань, яғни, 100 млрд теңгеден астам қарыз алмақ. Қомақты сома қазақ-өбек шекарасындағы өткізу пунктін жетілдіру үшін жұмсалады. Келісімді ратификациялау туралы заң жобасы-бүгін сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды. Қарыз 20 жылға 2 пайызбен жеңілдетілген несие ретінде беріледі. Қаржыға тоғыз автокөлік және бір теміржол өткізу пункті жөнделіп, техникалық жабдықтау жоспарланып отырған көрінеді.
Қайрат МАУБАЕВ, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Енді, әр бекетте әр түрлі бағалар болады. Осы біздің қарыз бойынша алып жатқан зайым бойынша Қытай компаниясы 5 жылдың ішінде сервистік қызметті тегін өтеп беруге келісіп отыр. Біз мысалы, осы реканструкция арқасында қосымша кедендік салықтар мен төлемдерді жылына 300 мрд-қа дейін көтереміз деп болжамдаймыз.
Жөндеу және жабдықтау жұмыстары жыл соңында басталып, 2022 жылы бірақ аяқталады. Осылайша елімізідң өткізу пунктеріндегі 2-3 күнге созылатын кезектер мәселесі шешімін таппақ. Айта кету керек, бұған дейін еліміздің Қаржы министрі аспан асты еліне Қазақстан үкіметі қарыз емес деп мәлімдеген.
Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
Мемлекет тарапынан Қытайдан кредит алынған жоқ. Бірақ бізде қаржы министрлігінің берген кепілдіктер бар, яғни, бір миллиард 200 миллион АҚШ доллары шамасында. Ол көбінесе жолдарға, Астана қаласының жолдарына бағытталған кредиттер. Басқа органдар алған «ҚазАвтоЖол» және әкімшілік.
Н. Біләл