Алманың атасы. Дәл осындай атқа академик Аймақ Жанғалиев лайықты. Бүгін Алматыда жұртшылық Алатау бөктеріндегі жабайы алмаларды зерттеуші бірегей ғалымды еске алды. Әлемге «Сиверс» алмасын танытқан қазақстандық ғалым тірі болғанда 100 жасқа толар еді. Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу инситутының маңдайшасына академикке арналған құрмет тақтасы ілінді. Өзі негізін қалаған ғылым ордасының ауласына көшет отырғызу шарасына Аймақ Жанғалиұлының ізін жалғастырушы ғалымдар, туыстары мен көпшілік қауым қатысты. Оның даңқы мұхит асқан. Көзі тірсінде АҚШ-тың бірнеше штатында ғалымдармен жұмыс істеп, америка жерінде қазақ даласында пайда болған алмалардың тәлімбағын ашқан. Академик Іле Алатауындағы жабайы алма, өрік және жүзімнің популяциясын зерттеуге бар ғұмырын сарып етті.
Нұғман АРАЛБАЙ, ҚАЗАҚ ЖЕМІС-КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Он алты жасында бірінші рет ғылыми экспедицияға қатысқан екен. Содан тоқсан алты жасында қайтты ол кісі. Сексен жыл өмірін жабайы жеміс-жидекті зерттеуге арнаған. Өмірінің соңғы күніне дейін алманы айтып кетті. Жабайы алманың генетикалық биік шыңы осы. Ол кісі жабайы алманың Алматы айналасындағы 150 түрін анықтап кеткен, пасорттап кеткен. Оның 26-сын құжат жүзінде реттеді. Қалғаны жатыр әлі.
Р. Асқарбекұлы