Шымкенттегі № 1 қалалық клиникалық ауруханадағы санитарлық ахуалға байланысты тексеру жұмыстары басталды. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары айтты. Науқастардың бірінің туысы әлеуметтік желіде медициналық мекемедегі жағдайды жария еткен. Ол темір кереуетке салынған төсеніштің тым жұқалығы, әрі төсек орынның жұпыны екенін айтып арызданған. Сондай-ақ, палатада ауа тар, желдету дұрыс жұмыс істемейтінін көрсеткен. Тіпті инсультпен түскен әжесіне медициналық көмектің тиісті деңгейде көрсетілмей жатқанын айтқан. Енді тексеру нәтижесінде мамандарға шара қолданылатынын жеткізді.
Әбдіманап ТӨЛЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Арызданушы Лариса Владимировна деген Сысуе деген азаматша арызында айтады мен өзі әжемнің катерорын енгізген катеторынен өзім түкірігін өзім мен өз қолыммен суырып отырмын, маған ешқандай медқызметкерлер оған көмектеспей жатыр дейді. Мен енді сізге айтайын, бізде арыз шағымдар дер кезінде бұндай арыз шағымдар қаралады.
Жасыратыны жоқ, бұл Шымкенттегі медицина ұйымдарына жолданған алғашқы сын емес. Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова бірнеше медициналық мекемені аралапты. Барлық ауруханаға олқылықтарды реттеуге бір ай мерзім берілген.
Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Күнде 300 ден 250ден адам қабылдап жатырмыз, дейді. Күнде ол күнде жаңа обработкадан өтіп жатыр дейді. күніге сол орбаботканы сәйкес ол тез ескіріп кетіп жатыр дейді. Соның бәрін ауыстыру жөнінде айттым. Одан кейін бір айдан кейін барып тағыда тексереміз. Сол кезде орындамаса шара қолданамыз.
А. Төребекқызы