Негізгі / Жаңалықтар / Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясына тездетіп үміткер ұсынуды тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясына тездетіп үміткер ұсынуды тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясына тездетіп съез шақырып, үміткер ұсынуды тапсырды. Бүгін Елбасы партияның орталық аппаратында кеңес өткізді. Сондай-ақ, партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасының іс-шаралар жоспарын бекітіп, жарияланған төрт жобаны тиімді жүзеге асыруды міндеттеді. Данияр Қайыртай толықтырады.  

«Nur Оtan» партиясы белгіленген саяси бағдардың сабақтастығын қамтамасыз етуі керек деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елдегі ең ірі саяси ұйым қазір мемлекетті жаңғыртуға бастайтын қозғаушы күшке айналған. Сондықтан партия стратегиялық маңызды міндеттерді орындаудан қалыс қалмауы керек.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің елдің жаңа басшылығына барынша көмектесуіміз керек. Өйткені мен үшін билік сабақтастығын жалғастыру өте маңызды. Көп ойланып шешкен мәселе. Сайлау науқанына кірер кезде партияға ең үлкен жүк түседі. Біз съез өткіземіз, өзіміздің кандидатымызды ұсынамыз сол жерде.

Алдағы сайлау науқанына билік партиясы белсенді қатысуға тиіс. Төраға солай деді. Ол сайлауды ел заңнамасы мен демократиялық нормаларды сақтай отырып өткізу қажеттігіне де назар аударды. Кеңес барысында партия төрағасының бірінші орынбасары сайлау штабын ұйымдастыру туралы баяндама жасап, бұған дейін қолға алынған жұмыстардың нәтижесімен таныстырды. Партияның негізгі төрт жобасына жеке-жеке тоқталды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әрқайсысы өте үлкен шаруа. Мысалы, «Бақытты отбасы». Оның ішінде толып жатқан шаруалар бар. Тек қана партияның қолынан келмейді. Мемлекет те, жергілікті билік, барлығы бірге жұмыс істеуі керек. «Құтты мекен» - әр ауылда, әр қалада, өзінің тұрған жері дұрыс болуы үшін халық көңілін бөлуі керек. «Ауыл - ел бесігі». Онда да көп нәрсе жасап жатырмыз. «Дипломмен ауылға» деп жатырмыз. Ауылдан шыққан азаматтарды өз аулына көмек көрсету мәселесі дегендер бар. Содан кейін «Халыққа көмек». Осы төртеуін қолға ұстасақ біздің нәтижелі жұмыс істеуіміздің барлық бағдарламасы бар.

Партия Елбасы саясатын түсіндіру институтына айналады. Сондай-ақ, «Nur Оtan» мемлекетті басқару жүйесіне кадр дайындайтын құрылым ретінде де қалыптасуы керек. Осы мақсатпен партияның кадр резервін жасақтау тапсырылды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Партия должна сказать ключевым фактором подготовки кадров и источником кадров системы госуправления. Как правящая партия «Nur Otan» имеет право выдвигать своих членов на ответсвенные позиций в системе госслужбы. Для этого до первого сентября надо сформировать республиканский кадровый резерв партий и внести ее мне на рассмотрение.

Тұңғыш Президент партияның жобалары көрсетілген көрмені де аралап шықты. Кейбір бағдарламалардың есебін де тыңдады.

Д. Қайыртай