Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Nur Otan» партиясы Президенттік сайлауға түсетін кандидаттың есімін 23 сәуірде жариялайды

AstanaTV
10.04.2019ж. 20:00
3297
«Nur Otan» партиясы Президенттік сайлауға түсетін кандидаттың есімін 23 сәуірде жариялайды

«Nur Otan» партиясы Президенттік сайлауға түсетін кандидаттың есімін 23 сәуірде жариялайды. Елдегі ең ірі саяси ұйым науқанға дайын. Кандидаттың есімі кезектен тыс съезде белгілі болады. Бұл туралы партия төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Кезектен тыс сайлау тұрақтылықты қалыптастырып, қоғам көкейіндегі көптеген сұрақтардың басын ашып береді деді ол. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Партия съезін сәтті өткізу үшін жақын арада делегаттарды анықтайтын бастауыш партия ұйымдарының жиналысын, конферецияларды өткізуіміз керек. Делегаттардың санын, жиналыстар уақытын орталық аппарат алдағы сағаттарда хабарлайды. Одан кейін партия заңмен белгіленген мерзімде сайлау алды науқанды бастайды. Барлық жұмысымыздың тек заң аясында жүзеге асатынын ерекше айтып өткім келеді.

А. Сейфулла