Негізгі / Жаңалықтар / Президенттік сайлау қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді - Ж. Түймебаев

Президенттік сайлау қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді - Ж. Түймебаев

Кезектен тыс Президенттік сайлау - дер кезінде жасалған қажетті қадам. 9 маусымда өтетін сайлауға қатысты Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңейтілген отырыста үндеу жариялады. Төраға орынбасары Жансейіт Түймебаев сайлаудың мерзімінен бұрын өткізілуі: экономика, әлеуметтік сала және қоғамдық-саяси тұрақтылықты дамытуға өз септігін тигізетінін атап өтті. Сондай-ақ, бұл шешім қоғамда қалыптасқан түрлі сұрақтарға жауап болатынын айтады.  

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, АССАМБЛЕЯ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Алдағы сайлау болса еліміздің тұрақтылығын нығайтуға, әлеуметтік, экономикалық жаңғыруды лайықты жүзеге асыруға ықпал ететіні айғақ. Бұл еліміздің келешегі үшін қажетті сайлау болмақ. Президент Тоқаев айтқандай: еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры қазақстандықтардың шешіміне тікелей байланысты. 

А. Өмірзақ