Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бүгіннен бастап елде Президенттікке үміткерлерді ұсыну басталды

AstanaTV
10.04.2019ж. 20:00
5720
Бүгіннен бастап елде Президенттікке үміткерлерді ұсыну басталды

Бүгіннен бастап елде Президенттікке үміткерлерді ұсыну басталды. Кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталады. Орталық сайлау комиссиясының жалпы отырысында төраға орынбасары Константин Петров осылай деп мәлімдеді. Әрі сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Орталық сайлау комиссиясының отырысынан толығырақ Ақерке Бектас. 

Ақерке БЕКТАС, ТІЛШІ:

Ал, Президенттік сайлауға кандидаттарды тіркеу 11 мамыр сағат 18:00-де аяқталады. Үкіткер өзінің, жұбайының кірістері мен мүлік туралы декларация тапсырғаны жөнінде, денсаулық жағдайы туралы анықтама тапсыруға міндетті. Қатысатын кандидат 2 млн 125 мың теңге сайлау жарнасын төлейді. Егер, кандитат ел Президенті болып сайланса, болмаса 5 пайыздан аса дауыс жинаса, ақшасы қайтарып беріледі.  

Константин ПЕТРОВ, ҚР ОСК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:   

Тапсырылған декларацияларда кандидаттың кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің рас еместігі анықталған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу күшін жоя алады. Үміткерлерді қолдау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың кемінде 2/3 бөлігін тең дәрежеде білдіретін сайлаушылардың кем дегенде 1 пайызының қолдарын жинаумен расталады.

Ал, Президенттікке 40 жасқа толған жоғары білімді, соңғы 15 жылдан бері Қазақстанда тұрған, қазақ тілін еркін сөйлейтін, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар азамат үміткер бола алады.  

Кандитаттарды тіркеу аяқталған соң Сайлау алдындағы үгіт басталады. Ол 8 маусым сағат түнгі 12-00-ге дейін жалғасады. Ал, дауыс беру 9 маусымда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін болады. Содан кейін 12 сағаттан кешіктірмей дауыстарды санау учаскелерде жүргізіледі. Әрбір тіркелген кандидатқа 7,5 млн теңге бөлінеді.  

Сабиля МҰСТАФИНА, ОСК ХАТШЫСЫ: 

Кандидаттарға бюджеттен бөлінетін ақша олардың теледидар, радио, газеттер арқылы жасалатын мәлімделеріне, кеңселерді жалға алуға, жол шығындарына кетеді. Неше кандидат болатыны әлі белгісіз. Қаржы министрлігіне сметаны жобалап жібердік.

Қазақстанда жалпыхалықтық сайлау 5 рет өтті. Барлығын 20 наурыздан бастап президенттің өкілеттігін өз еркімен тоқтатқан Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетіп келді. Ал, биыл 11 814 019 ел азаматы сайлаушылар тізімінде тұр. Ал, әрбір кандидатты қолдауға 118 140 сайлаушының түпнұсқалы қолы жиналуы тиіс.  

А. Бектас