Негізгі / Жаңалықтар / Жамбыл облысында жайылым жер азайды деп бүтін бір ауыл халқы шу шығарды

Жамбыл облысында жайылым жер азайды деп бүтін бір ауыл халқы шу шығарды

Жамбыл облысында жайылым жер азайды. Байзақ ауданы Ақшолақ ауылының халқы осылай деп шағымданды. Олардың айтуынша 2 мың гектар жайылымдық жер- жекеге өтіп кеткен. Енді ауыл халқы төрт-түлігін тұсап бағуға мәжбүрміз дейді. Бұл елді мекенде 150 түтін бар. Олар темір жол бойы мен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» көлік дәлізінің ортасында орналасқан. Көлік қозғалысының көптігі малшыларға кедергі болса, жайылымның қысқарғаны жығылғанға жұдырық. Заң бойынша жолды кесу арқылы мал айдауға рұқсат жоқ. Дегенмен, жан баққан жұрт- жайылым жерлерге жету үшін қауіпке қарамай жол жағалап жүр.  

Қайрат МАДИЕВ, АҚШОЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Осы малмен жансақтап отырған халық. Сондықтан сұрайтынымыз жерді анықтап жайылымды берсе. Одан кейін мына автобаннан қалай өтеміз?

Жергілікті атқамінерлер болса, мал басын азайтуға кенес берді. Олар бұған дейін 2 мың гектар жайылым жердің бос жатқанын айтты. Бірақ, биыл қожайыны табылып, ауыл шетін айналдыра жыртып тастады. 

Мұхтар ҚИЛЫБАЕВ, ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: 

Ауылдың ішінде мал көбейіп кетті. Ал жайылым жер резина емес қой созыла беретін. Ауылда өзіне керекті бір екі сиырын алып қалсын. Бір жарым бас оған жайылымды қайдан тауып береміз.

Д. Әлімқұл