Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Әкімдер әлеуметтік желіге бейімделіп жатыр

AstanaTV
11.04.2019ж. 20:00
2512
Әкімдер әлеуметтік желіге бейімделіп жатыр

Әкімдер әлеуметтік желіге бейімделіп жатыр. Былтырдан бері 120 аудан мен қала әкімі және 800-ге тарта ауыл басшысы әлеуметтік желідегі белсенділік бойынша дәріс алған. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде мәлім болды. Ал, жақында Президент облыс әкімдеріне халыққа жақын болу үшін желілерге тіркелуді тапсырған соң, Мемлекеттік басқару академиясы осы бағытта оқыту бағдарламасын әзірлеген. Соның негізінде, қазір барлық өңірде интерактивті тренингтер өтіп жатыр. Сондай-ақ, Агенттіктің бастамасымен Академия базасында «Өзгерістер кеңсесі» ашылмақ. Онда айына 1-2 рет білікті тәлімгерлер мен коучерлер қысқа мерзімді сессиялар өткізеді. Шенеуніктерге коммуникация, СММ, жеке брендинг, кері байланыс секілді тақырыптарда кейстер де ұйымдастырылады. 

Фатима ЖАҚЫПОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ: 

Мысал ретінде айтып кетсек, өткен аптаның соңында Оңдасын Сейілұлы мырза академияның филиалына келіп, өзі де 2 жарым сағат дәріс оқып кетті. Енді дәріс деуге де болмайды, бұл интерактивті түрде сондай тренинг болды. Облыс әкімдері өздері келмейді ауылдық әкімдермен, райондық әкімдермен сондай байланыста болып, әлеуметтік желінің қандай пайдалы жақтары бар, соны нәтижелі қолдануда.

Д. Қайыртай