Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстанның экономикалық өсімі 3,2%-ды құрайды - Халықаралық валюта қоры

AstanaTV
11.04.2019ж. 20:00
6415
Қазақстанның экономикалық өсімі 3,2%-ды құрайды - Халықаралық валюта қоры

Биыл елдің экономикалық өсімі 3,2%-ды құрайды. Үкімет ол 4 пайыз болады деп отыр. Халықаралық валюта қоры осындай болжам жасады. Қара алтын құны құлдырап, оны өндіру азайса, көрсеткіш бұдан да төмендейді. Сарапшылар келесі жылы Орталық Азияда қандай өсім боларын болжайды. Көшті 6,3 пайызбен Түрікменстан бастап тұр. Ал, Тәжікстан мен Өзбекстан экономикасы 5 пайызға өсуі мүмкін. Қырғызстан, Әзірбайжан, Арменияның динамикасы ұқсас - 3,5 мен 4,5 пайыз аралығында. Беларусь, Украина және Ресей тізімді түйіндеді. Биыл әлемдік экономика қарқыны бәсеңдеп, небары 3,3%-ды құраған. Бұған АҚШ-Қытай арасындағы сауда соғысы мен банк жүйесіндегі көлеңкелі саясат кедергі. Алда келісімшартсыз орнайтын «Брексит», Италия экономикасының бұлыңғыр саясаты мен сауда соғысындағы шиеленіс әлемдік экономика жағдайын қиындата түседі, дейді сарапшылар.  

А. Бектас