Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Халық көп жиналатын нүктелерде «Халыққа көмек» жобасының бөлімдері ашылып жатыр

AstanaTV
11.04.2019ж. 20:00
4086
Халық көп жиналатын нүктелерде «Халыққа көмек» жобасының бөлімдері ашылып жатыр

Ірі базарлар мен сауда орындары- жалпы халық көп жиналатын нүктелерде «Халыққа көмек» жобасының бөлімдері ашылып жатыр. Мақсат- барынша көп адамды қамту, кеңес беру. Бұл Елбасы «Nur Otan» партиясының кезекті 18-ші съезінде берген тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған басымдықтың бірі. «Халыққа көмек» аясында 7 мыңнан астам адам партияның қоғамдық қабылдауына жүгінген. Өтініш шағымдардың 40 пайызы оң шешімін тапқан. Жоба 1 наурызда ғана бастау алды. Бірақ, ауыз толтырып айтар нәтиже жетерлік.

8 баланың анасы Қаракөз Қожахметова бүгінде кәмелет жасына толмаған төрт баласын асырап отыр. Осыған дейін көпбалалы анаға ай сайын бөлінген әлеуметтік төлем мардымсыз болған. Ақының басым бөлігі азық-түлікке жұмсалғандықтан, коммуналдық қызмет үшін 30 мың теңге қарыз пайда болды. Отанасы мәселесін арқалап, «Nur Otan» партиясына жүгінді. Партия өкілдері «Халыққа көмек» жобасы аясында коммуналдық төлемді бөліп төлеуге мүмкіндік берді.  

Қаракөз ҚОЖАХМЕТОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: 

«Nur Otan»-ға барған мәселем коммунальный қарызым болды. Электроэнергия мен отопление. Маған 25 майға дейін срок берді төлеуге. Әйтпесе сөндіріп кетсе, оны қосудың өзіне 9 мың керек. 

Мамыр айынан бастап жаңартылған әлеуметтік көмек бойынша төлемдер жүргізіле бастайды. Бұдан былай Қожахметовтар жанұясы ай сайын шамамен 100 мың теңгеден алып отырмақ. Айта кету керек, жыл басынан бастап партияның Петропавл қалық қоғамдық қабыладауына 108 адам түрлі мәселелермен жолыққан. Нұротандықтар оның көбіне арнайы кеңес беріп, 25 пайызына тікелей көмек көрсеткен. Ал, Республика бойынша тек «Халыққа көмек» бағдарламасы аясында мыңдаған адам жеке басына қатысты мәселені шешіп үлгерген. Бұл әлеуметтік маңызы бар жоба елбасының тікелей тапсырмасымен ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастау алған еді.   

Бақыт Темірова, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Республика бойынша 7406 адам өз өтінішімен осы бағдарлама бойынша біздің қоғамдық қабылдауларға келіп түсті . Соның 40 пайызы немесе 2901 адамға осы мұхтаждарын шешу оңтайлы шешімі табылды.  

Алдағы уақытта көмекке мұхтаж жандардың мәселесін тез әрі нәтижелі шешу үшін мобильді топ құрылады. Қазіргі уақытың өзінде Қарағанды мен Елордамызда 3 мобильді халықты қабылдау пунктері ашылған.   

Болатбек АЙТКЕЙ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ: 

Ірі базарларда, сауда орындарда халық көп жиналатын орындарда «Халыққа көмек» жобасының пунктерін ашып жатырмыз. Ол пунктердің негізгі мақсаты азматтарды қабылдап, кеңес беру. Әр түрлі ақпараттық бағыттағы кеңестерді беру. Ол жерде біз алдағы уақытта Тұрғын Үй құрылыс жинақ банкінің, ХҚКО-ның, «Атамекен» Ұлттық палатасының өкілдерімен бірлесе отырып халыққа жан-жақты көмек көрсетуді ұйымдастыратын боламыз.  

Енді, кез келген поблеманы біріңғай әлеуметтік терезе арқылы жеткізуге болады. Халыққа көмек жобасы аясында өтініштерді жеке қабылдаулармен қатар сайт, электронды пошта, электронды үкімет порталы немесе ватсап нөмірге жазу арқылы жолдауға болады. Сондай-ақ, фейсбук әлеуметтік желісі мен ай көмек қызметі арқылы да өтініштер қабылданады. Партия жедел әрі бір жерде қағидасы бойынша көмек қолын созады. 

Н. Біләл