Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Еліміздегі 6 мыңнан аса ауылды ажарландыруға 920 млрд теңге бөлінеді - Тамара Дүйсенова

AstanaTV
12.04.2019ж. 20:00
3093
Еліміздегі 6 мыңнан аса ауылды ажарландыруға 920 млрд теңге бөлінеді - Тамара Дүйсенова

Биыл елдегі 6 мыңнан аса ауылды қажарландыруға 920 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары барысында айтты. Ол жергілікті партия активімен кездесу өткізіп, Елбасының әлеуметтік бастамаларын жүйелі түрде жүзеге асыру жайында жоспарларымен бөлісті. Мәселен партия хатшысы «Құтты мекен», «Бақытты отбасы», «Ауыл - ел бесігі», «Халыққа көмек» партиялық жобаларына жалпы алғанда 3 трлн теңге бөлінетінін жеткізді. Ал, бұл бастамаларға бөлінетін мол қаражаттың мақсатты жұмсалу жағы «Nur Otan»-ның назарында болмақ. Бұл ретте Үкімет, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп, 1781 елді-мекенді көркейтуге кіріспек. Аймақтардағы ауылды жерлерді ажарландыру, инфрақұрылым кіргізу жұмыстары 2025 жылға дейін жалғаспақ. 

Тамара ДҮЙСЕНОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Қазір 6 мыңнан аса елді-мекен бар. 920 млрд теңгедей қаражат елді-мекендердегі нысандарды жақсылауға, ауылды көріктендіру мәселесіне, «Құтты мекен» бойынша инфраструктураларды салуға 90 млрд теңгеден артық қаражат бөлінетінін жалпы алғанда 3 трлн теңге деп отырмын ғой, соны елге жеткізіп, оны мақсатты түрде пайдалану мәселелері қазір халыққа түсіндіріліп жатыр.  

Д. Әлімқұл