Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Сирия оппозициясы мен АҚШ өкілдері келісім алаңында кездесті

AstanaTV
31.10.2017ж. 20:00
1961
Сирия оппозициясы мен АҚШ өкілдері келісім алаңында кездесті

Мемлекет басшысы Сириядағы дағдарысты реттеу бойынша Астанаға келген делегация басшыларымен кездесті. Бұл мәселенің тиімді шешілуі әлем үшін аса маңызды екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Астана процесі аясында қол жеткен жетістіктерге тоқталып, делегация өкілдеріне табыс тіледі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз барлығымыз бұл мәселе тиімді шешілгенін қалаймыз. Қазақстан осы алаңда мәселені жақсы түсінеді. Қазақстан Орталық Азиядағы елдермен тығыз мәдени сауда қарым-қатынасында. Қазіргі жағдайда террористтер көбейіп, олар шекараны білмейді. Мен БҰҰ сөйлеген сөзімде барлығымыз біріксек, онда экстремизм мен терроризмді жеңу қиын болатынын айтқам.

Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша келіссөздердің 7-ші кезеңі өтіп жатыр. Кепіл мемлекеттер мен Сирия оппозициясының 25 мүшесі 2 күн бойы деэскалация аймақтарына әскери полиция енгізу мәселесін талқылаған. Содырлар ұстаған тұтқындар мен бостандығынан айырылғандардың тағдыры, мерт болғандардың денесін беріп, із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жайы да қаралды. Астана процесі қос тарапты келісім алаңына біріктірген алғашы алаң болып отыр. Бұған дейін Сирияның ұлттық келісім министрі Али Хайдар Астана процесі «Женева» процесінен тиімді екенін айтқан болатын. «Астана-7» аясында пленарлық отырыс кейнге қалдырылды. Кепіл мемлекеттер әлі де кеңес жүргізіп жатыр, - деп хабарлады СІМ өкілдері.

Дәуренбек БАҚДӘУДЕТ