Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қақаған суықта отыннан тарыққан отбасына нұротандықтар көмек қолын созды

AstanaTV
30.10.2017ж. 20:00
2171
Қақаған суықта отыннан тарыққан отбасына нұротандықтар көмек қолын созды

Мәселе оң шешімін тапты. Елордада қыстың қақаған суығында отыннан тарыққан отбасына нұротандықтар көмек қолын созды. Көп балалы ана Зинара Салихованың жолдасы аяқ астынан жұмыссыз қалады. Балаларға алатын жәрдем ақымыз олардың тамағы мен коммуналды төлемдерден артылмайды дейді ол. Сондықтан көмірді тек шелектеп қана сатып алуға мәжбүр болып келген. Шиеттей бала-шағасы бүрсеңдеп тоңып отырғанын көрген ана "Нұр Отан" партиясынан жәрдем сұрады. Партия белсенділері еш ойланбастан қиын жағдайда қалған отбасына қол ұшын созды. Бір қысқа жететіндей мөлшердегі көмірді жеткізіп берген. Мәселесі шешілген Зинара Салихованың алғысы шексіз. Бұл көмекті ешқашан ұмытпайтынын айтып отыр.

Зинара Салихова, Астана қаласының тұрғыны:

Үй қаңырап суып кетті. Содан "Нұр Отан" партиясының көмегіне жүгіндік. Олар бізге Шұбаркөл көмірінің 6 тоннасын түсіріп берді. Қысқа жететін болды. Қайырымды азаматтардың бұл игі әрекеті біздің есімізде өмір бойы сақталады. Үлкен рахмет.