Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Кілт» кімнің қолында? Тұралаған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы туралы

AstanaTV
13.04.2019ж. 20:00
2363
«Кілт» кімнің қолында? Тұралаған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы туралы

Орынбасарлары Премьер-министрдікінен көп акционерлік қоғамын Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин түйреп өтті - 100 процент мемлекеттік үлеспен осыдан 10 жыл бұрын құрылған «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту мен жаңғырту орталығында» 97 адам істейді екен. Кейбір мемлекеттік органдардың өзінде мұндай штат жоқ деді спикер. Айтуынша, қызметкерлердің жалақасы 250 мың теңгеден 1 млн-ға дейін жетеді. Ондай жұмысты өліп-өшіп істемейтін несі бар? Өстіп мыңдаған адам ойлайды ғой. Оның үстіне акционерлік қоғамның сайтында орталықтың басты мақсаты «Тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығының қарқынды дамуына ықпалдасу» деп көрсетілген. 

Н.Нығматулин, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Председатель правления, исполняющий директор, зам, зам, зам. У вас замов больше чем у ПМ.У председателя правления заместителей больше, чем у премьер-министра страны. Впечатляют там и заработные платы сотрудников. Это, конечно, частная вещь, но когда это за государственный счёт, нужно разбираться. Казалось бы, чего не работать с такой зарплатой, с таким аппаратом. Но, я думаю, мало кто слышал, что вообще существует такой центр. Вам предстоит доказать свою состоятельность и свою востребованность в сфере ЖКХ. Главной вашей обязанностью будет повышение квалификации управдомов.

Расында, қай салада кімнің неге жауап беретінін бір кісідей білетін біз тұралаған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы туралы талай материал жасағанда осындай орталық барын білмеппіз. Тіпті пәтер иелері кооперативтерін білікті маман басқаруы керек, оны кім дайындайды? - деген сауалды тиісті министрлікке қойғанда айтпады ғой... Ал сәрсенбіде таңға жуық Алматының Медеу ауданына қарасты Төле би мен Пушкин көшелерінің қиылысында ыстық су құбыры жарылып, 3 адам ауруханаға түсті. Оқиға дәл қаланың ортасында халық тығыз қоныстанған ауданда болды. Ел қалың ұйқыда жатқан сәтте, яғни таңғы 4-тен 15 минут өткенде жер қопарылып, асфальт сынықтары мен тас араласқан ыстық су үйдің 4-ші қабатына дейін көтерілген... Зардап шеккен тұрғындар өтемақымен келіспей отыр. «Алматы жылу желісі» компаниясы барлығы 7 пәтер мен 8 автокөліктің иесіне өтемақы беретін болған. Үйдің бірінші қабатындағы Жұртановтардың пәтері қатты зақымданған. Судың нөпірі жатын бөлмелерден өтіп, дәлізге дейін жеткен. Үйдің қабырғаларынан тыс жиһаздар да жарамсыз болып қалды. Бағалаушылар бұл отбасына 700 мың теңге көлемінде өтемақы есептеп беріпті.

Нұрлан ЖҰРТАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір кез-келген жиһазды ашып қараңыз бәрі су. Сыртынан құрғақ сияқты көріне береді. Одан тыс қабырға, еден мен заттарымыздың бәрі жарамсыз. Бізге кеше өттемақының көлемін есептеп әкеліпті. Ол 720 мың теңге. Ештеңеге жетпейді. Оны жөндеушілердің еңбекақысына берсек, материалға ақшаны қайдан аламыз?!

Бұл жолы сатира сардары Оспанхан Әубәкіровтің «Кілт» әңгімесі еске түсті: ... Үйде ақаусыз дүние жоқ. Анау су келетін кран таң атқанша мыңқылдап тамады да тұрады. Радиоқабылдағыштың ішінде біреу май шыжғырып жатқандай, таза дыбыс жоқ, әкеңді әңгіртіп жібереді. Осы «көкжөтелдердің» бәріне үшкіріп дем сап кетсін деп тағы үш адам шақырдық. Бұларға да кілттің қара шалдың мойнында екенін ескерттік те, жөн-жөнімізге жөнелдік... Осындай абзац бар. Біз апырмай, сынбайтын, үгілмейтін неткен «қалыптар» деп ойлап қалдық...