$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде үш жүз жауынгер жерленген бауырластар зираты тоналды

AstanaTV
15.04.2019ж. 20:00
5885
Ақтөбеде үш жүз жауынгер жерленген бауырластар зираты тоналды

Ақтөбеде бауырластар зиратының қоршаулары қолды болды. Полицейлер вандалдар ізіне түскен. Мұнда Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақтөбе госпиталінде көз жұмған үш жүз жауынгер жерленген. Бақыт Рахметов тарқатады.

Бауырлдастар зираты бір түннің ішінде ойран болған. Қазір шошайып тек қазықтары қалыпты. Жалпы ұзындығы 72 метр болатын барлық шойын қоршаулар қолды болған. Қазір бұл фактіге орай іс қозғалды.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бауырластар зиратынан қоршау темірлерін ұрлау дерегі бойынша ҚР ҚК 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен темір қабылдайтын орындар тексерілуде.

Осыдан жеті жыл бұрын бауырластар зиратында бұзақылар боздақтардың есімі жазылған тақтайшаларды сындырып кеткен еді. Ол кезде бұзақылар табылмаған. Ал ескерткіш қазына қаражатымен қайта қалпына келтірілді. 2016-шы жылы зират сенімгерлік басқаруға берілген. Қызмет етуші мекеме басшылығы мазарлардың тек тазалығы мен күтіміне ғана жауап береміз деп отыр.

Сәбит ДҮЙСЕНОВ, РИТУАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫ:

Бұл зират консервацияға жабылған болған соң ішінде күзетші жоқ. Яғни, жеті сайын барып қарап тұрады. Өткен жылы соңғы рет қоқыс жиналды. Қыс өткен қоқыс жинақтау барысында ұрланғаны анықталды.

Қазіргі күні полиция барлық түсті металл қабылдау орындарын тексеруге көшкен. Қалада шамамен 20 шақты орын бар екен. Онда металл келісіне 63 теңгеден қабылданады. Бірақ шойыннан жасалған заттарды қыбалдауға қатаң тиым салынған дейді түрлі-түсті металл қабылдайтындар.

Жасұлан СӘРСЕНБЕКОВ, МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ: 

Келген темірдің барлығын біз қараймыз. Қаппен келсе жартып қараймыз. Ондай күдікті заттар болса көп алмаймыз. Қайтарып жібереміз.

Қазіргі күні бұл зиратты сенімгерлік басқаруға алған мекеме полицияға үміт артып отыр. Ал қылмыскерлер табылмаған жағдайда бауырластар зиратын кімнің қалпына келтіретіні де белгісіз.

Б. Рахметова