Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкентте құмар ойындарын ұйымдастырды деген күдікке іліккен түрме басшысы сотта ақталып шықты

AstanaTV
16.04.2019ж. 20:00
3489
Шымкентте құмар ойындарын ұйымдастырды деген күдікке іліккен түрме басшысы сотта ақталып шықты

Шымкенттегі ИЧ 167\3 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы сотта ақталып шықты. Ол қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталған болатын. Сот барысында Айтжан Бәкіров түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің құмар ойындарымен ойнауға жол бергені айтылды. Тіпті, тергеу деректерінде оның осы үшін сыйақы алғаны да жария болды. Алайда судья оның қанша ақша алғаны дәлелденген жоқ деп отыр. Мұндай әрекеті үшін Заңға сәйкес айыпталушы екі жылға жаза арқалуы тиіс. Бірақ тергеу ісінің созылуына орай сотталушы жазадан тыс қалып отыр.  

Әбинұр ҚАРАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУАДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 

Жауаптылыққа тарту мерзімі ескіргеннен кейін ол жауаптылықтан босатылған. 361 бабының 1 бөлігі ол онша ауыр емес қылмыс санатына жатады. Оның ескіру мерзімі екі жыл. Ал бұл қылмыс 2013-2014 те жасалғандықтан ескіру мерзімі өтіп кеткен. Сол үшін ол босатылған жауаптылықтан.

«Күдіктіге оқу-жаттығуға арналған оқ-дәрілерді жымқыруына жол берген», «қылмыскерлерге көмектескен» деген сынды тағы алты баппен айып тағылған. Алайда олар сотта өз дәлелін таппапты. Айта кетейік, бұл уақытта үй қамақта отырған экс-басшыға прокурор 15 жыл жаза сұраған еді. Еске салайық, аталған түрмеде сотталғандар 2013-2014 жылдары заңсыз ойын көрігін қыздырып келген. Түрмедегі казинодан түскен табыс арнайы қылмыстық топқа аударылып отырғаны белгілі болған еді. Ал бұған дейін түзеу мекемесінің бірнеше өкілі жаза арқалады. 

А. Төребекқызы