Негізгі / Жаңалықтар / Жайық өзеніне жүргізілген тексеру нәтижесі ертең жарияланады

Жайық өзеніне жүргізілген тексеру нәтижесі ертең жарияланады

Мұнай қалдығы төгілді деген күдікпен Жайық өзенен алынған сынамалардың қорытындысы ертең шығады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық экология департаментінен хабарлады. Мамандар Жайық өзенінің үш жерінен сынама алған. Айта кетелік, өзеннің сағасынан майлы қара дақтар пайда болғанын тұрғындар байқап, құзырлы органдарға хабарласыпты. Олар бұл аумаққа мұнай қалдықтары төгілгеніне сенімді, өйткені судан майдың иісі шығады. Полиция бүлінген жерді дереу қоршауға алып, экологтар іске кірісті. Бірақ елді дүрліктірген дақтың қайдан пайда болғанын ешкім тап басып айта алмай отыр. Қазір тергеу амалдары басталып, сот-дәрігерлік сараптама тағайындалған. Құзырлы органдар осы сараптама нәтижесін күтіп отыр.  

Амангелді ИШМҰХАНОВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Қазір су бетіндегі белгісіз дақтарды тексеру жұмыстары басталды. Затон аумағында мұнай қалдықтарының бар-жоғын экология департаменті жүргізген зертханалық тексеру жұмыстары анықтайды. Қандай заңбұзушылық болғаны содан кейін белгілі болмақ.

Е. Карин