$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Нан бағасының қымбаттауына жол берген өскемендік шенеуніктер жауапқа тартылды

AstanaTV
16.04.2019ж. 20:00
2904
Нан бағасының қымбаттауына жол берген өскемендік шенеуніктер жауапқа тартылды

Өскеменде нан бағасының қымбаттауына жол берген шенеуніктер жауапқа тартылды. Қала әкімдігінің Инстаграмдағы парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшысы мен қала әкімнің орынбасарына сөгіс берілген. Шенеуніктер баға қымбаттаған кезде бірден шара қолданбапты. Айта кетелік, Өскеменде 1-ші сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасы 10% қымбаттап, 90 теңгеге жетті. Наубайхана өкілдері мұны жанармай мен астық бағасының қымбаттағанымен байланыстырады. Қазір қала әкімдігінде жұмыс тобы құрылыпты. Қалалық мәслихат хатшысы Александр Светаштың сөзінше, жұмыс тобы үш наубайхана мен әлеуметтік дүкендерде нанды 65 теңгеден сату туралы келісімге келген. Сонымен қатар «Азық-түлік келісім шарт корпорациясының» басшылығымен астық бағасын төмендету туралы келіссөздер жүргізілмек. Сондай-ақ әлеуметтік нанға қажетті ұн қорын жасақтау жоспарланыпты.  

Александр СВЕТАШ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Қазір қаладағы 22 сауда нүктесі нан-бөлке өнімдерін 65 теңгеден сатады. Бұл баға тұрмысы төмен жандарға арналған. Сонымен қатар, тағы бір нан зауыты өз өнімі сатылатын дүкендерде бағаны өсірмеуге келісті.

Ал, өңірдегі шағын және орта бизнес кәсіподағы нан бағасын ұстап тұру наубайханаларға ауыр тиетінін жасырмайды. Тіпті, бұл кәсіпорындардың банкрот болуы да мүмкін деп отыр.  

Галина КАЗАНЦЕВА, ШҚО ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап 1 сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасы еркіне жіберілді. Осы кезеңде жанармай мен нан да қымбаттады. Күзде астық бағасы өсті. Бұл ұн мен нанның қымбаттауына әкеп соқты. Егер күзде бензин бағасы 115 теңге болса, қазір 190 теңге көлемінде. Сондықтан, бұл үшін бағаны қымбаттатқандарды кінәлау негізсіз.

Е. Карин