Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Орталық сайлау комиссиясы Президент болуға кедергі келтіретін ауру түрлерін атады

AstanaTV
17.04.2019ж. 20:00
3729
Орталық сайлау комиссиясы Президент болуға кедергі келтіретін ауру түрлерін атады

Президент болуға кедергі келтіретін ауру түрлері белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы кандидаттар денсаулығына қатысты қойылатын талаптарды атады. Бекітілген құжатқа сай Президенттікке үміткер симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қосқанда, органикалық дертпен ауырмауы тиіс. Тізімде психобелсенді заттарды тұтынудан болатын психикалық және мінез-құлық бұзылулары, шизофрения, шизотипиялық және сандырақ аурулары бар. Бұдан бөлек, азамат апатты бастан кешкеннен кейінгі созылмалы өзгеріске шалдықса әрі эмоциялық тұрақсыз болса кандидат бола алмайды. Мұндай медициналық куәландыру кандидат бойында аурудың бар-жоғын анықтау үшін жүргізіледі. 

А. Бектас