Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шығыс Қазақстан облысында сібір жарасына күдікті науқас ауруханаға жатқызылды

AstanaTV
17.04.2019ж. 20:00
2997
Шығыс Қазақстан облысында сібір жарасына күдікті науқас ауруханаға жатқызылды

Шығыс Қазақстан облысында сібір жарасына шалдықты деген күдікпен бір адам ауруханаға жатқызылды. Ол Қатонқарағай ауданының Кіші нарым ауылының тұрғыны. Елді-мекенді тексеруге карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі мамандары шықты. Егде жастағы кісі қорада қолын кесіп алған. 12 сәуір күні кешқұрым оның әлі кетіп, қолы іріңдей бастаған соң орталық аудандық ауруханаға жатқызылыпты.  

Әлия БЕГАЛИНА, ШҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ДӘРІГЕР-САРАПШЫСЫ: 

Қазіргі диагнозы шамамен сібір жарасының теріге шыққан түріне жатады. Қосымша тереңдетілген тексерулер алынды, оның қорытындысы белгілі болғанда хабарланады. Науқаспен байланыста болғандар, оның отбасы түгел тексерілді. Қазіргі уақытта одан басқа науқас ауруханаға түскен жоқ.

Дәрігерлер науқастың жағдайы тәуір дейді. Қазір ол емделіп жатыр. Мамандар қорадағы төрт түлік сау деп отыр. Бұл өлкеде әр уақытта сібір жарасы ауруы тіркеледі. Дегенмен мамандар өңірдегі барлық мал қорымдарының жағдайын тағы бір рет тексеріп шыққалы отыр. 

Хамит ЕЛУБАЕВ, ШҚО КАРАНТИНДІК ЖӘНЕ АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Біз қазір сібір жарасын болдырмау үшін тиісті іс-шаралар жүргізіп, зертханалық жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Науқастың тұрғылықты мекен-жайы бойынша малдың қырылуы немесе мәжбүрлі сою, бөлшектеу жөнінде қандай да бір мәлімет анықталған жоқ.

З. Санай