Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жайық өзені мұнай қалдықтарымен ластанған-БҚО Экология департаменті

AstanaTV
17.04.2019ж. 20:00
4946
Жайық өзені мұнай қалдықтарымен ластанған-БҚО Экология департаменті

Жайық өзенінің сағасынан табылған мұнай қалдықтары қалыпты мөлшерден бес есеге көп болып шықты. Бүгін Батыс Қазақстан облыстық экология департаменті арнайы сараптама қорытындысын жария етті. 

Нұрлы ИСМАИЛОВА, БҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТАЛДАМАЛЫ-БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Өзен суынан алынған үш сынаманың екеуінде мұнай қалдықтарының қалыпты мөлшерден бірнеше есеге көп екендігі анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша бірінші сынамада зиянды қалдықтар 5,6 есе, ал екінші сынамада 2,6 есе асып кеткен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, тұрғындар өзенге жайылған майлы дақтан үрейленіп, құзырлы органдарға шағымданған еді. Артынша, бүлінген аумақ қоршалып, судан бірнеше сынама алынды. Бірақ, елді дүрліктірген дақтың Жайық өзенінде қалай пайда болғаны белгісіз. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Әзірге, қылмыстық іс қозғалмаған.  

Е. Карин