Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша дәрігерлер елді мекендерге енді электронды жүйе арқылы бөлінеді

AstanaTV
17.04.2019ж. 20:00
2631
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша дәрігерлер елді мекендерге енді электронды жүйе арқылы бөлінеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша дәрігерлер елді мекендерге енді электронды жүйе арқылы бөлінеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі «Nur Otan» партиясының «Жастарды қолдау» бойынша комиссиясының отырысында мәлімдеді.Олжас Әбішевтің сөзінше, бағдарлама әзірге ауылдағы маман тапшылығын 65 пайызға жоя алады. Ал, қазіргі негізгі проблема - ауылдағы жас дәрігерлерді қолдау деңгейіне мониторинг жүргізілмеуі. Сондықтан, бірыңғай еңбек биржасының базасында арнайы бөлім ашылды. Ол жерде әкімдіктер жақсы дәрігерлерге жұмыс ұсынып, талаптарын айта алады. Диплом алған жас маманға үш жыл жұмыс істейтін аймақты өзі таңдау құқығы да берілген. Биыл ауылға жұмысқа барғаны үшін берілетін бір реттік төлемақы 176 мыңнан 250 мыңға дейін көтерілді.  

Олжас ӘБІШЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Соңғы үш жылдағы тексеру көрсеткендей, кей жергілікті атқарушы органдар жас мамандарға жатақхана бермеген. Электронды жүйе дайын, енді Астанадағы медициналық университеттің барлық түлектері толық жұмысқа тұрады. 2020 жылдан бастап медициналық кадрларды қағаз жүзінде бөлуден толық бас тартамыз.

А. Сейфулла